• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 07 Қазан, 2018

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр қарсыласын нокаутпен жеңді

288 рет
көрсетілді

Нокдаун алған жекпе-жекте Жүкембаев қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды vesti.kz

 

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев Квебекте (Канада) өткен бокс кешінде мексикалық Патрисио Мореноны нокаутпен жеңді. Он раундқа жоспарланған кездесу жетінші раундта аяқталды. Батыр Жүкембаев қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп шықты. Бірінші раундта қазақстандық боксшы мансабында алғаш рет нокдаун алды. Тез есін жиып, шабуылын үдетті. Нәтижесінде екінші раундта қарсыласын бір тізерлетіп, нокдаунға түсірді.

Жетінші раундта Жүкембаевтың бүйірден ұрған жұдырығының күшінен кейін мексикалық орнынан тұра алған жоқ. 27 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы мансабындағы 14-ші жеңісіне қол жеткізді. 12 кездесуінде қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп шыққан. Айта кетейік, отандасымыз барлық жекпе-жектерін Канадада өткізіп келеді.